🎨 26.09.2025ж 1 сынып оқушыларына психологиялық зерттеу жұмысы жүргізілді.
Тақырыбы: «Менің мектебім» (Нижегородцева мен Шадриковтың проективті әдістемесі)
және «Менің сыныбым» (Лескованың әдістемесі бойынша)
📚 Зерттеу 1-сынып оқушылары арасында жүргізілді.
Мақсаты — оқушылардың мектепке, сыныпқа және оқу үдерісіне деген эмоционалдық көзқарасын, өзін сынып ұжымында қалай сезінетінін анықтау.
✨ Мұндай проективті сурет әдістемелері баланың ішкі сезімін, бейімделу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді және психологиялық қолдау жұмыстарын жоспарлауға негіз болады. #1сынып




