28–29 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен Төлеген Айбергенов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте ата-аналар мен мектеп арасындағы ашық диалогқа арналған «Бірыңғай ашық есік күні» өтті.
👨👩👧👦 Шара барысында:
Мектептің оқу-тәрбие үдерісі таныстырылды
Ата-аналарға маңызды ақпарат берілді
Q-TALKS аймағында бала тәрбиесі, құндылықтар жүйесі және ата-ананың жауапкершілігі жайлы маңызды тақырыптар қозғалды
Спикерлер өз тәжірибесімен бөлісіп, ата-аналарға пайдалы кеңестер берді. Қатысушылар сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.
🤝 Бұл күн отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қатысушыларға баламен дұрыс қарым-қатынас орнатудың құнды әдістерін ұсынды.
#Астана #Мектеп #АтаАналар #БалаТәрбиесі #QTalks #АшықЕсікКүні #ПсихологиялықҚолдау



