🔸29 наурыз күні Түркістан қаласында «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция күллі әлемге танымал Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына арналды.
🔸Конференцияға алыс-жақын шет елден танымал ғалымдар келіп, зерттеу еңбектерінен дәріс оқыды. Атап айтсақ, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан т.б. Ал Қазақстаннан ф.ғ.д, профессор Досай Кенжетайұлы танымды тағылымын оқыды.
🔸Конференцияның тізгінін Ясауи ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д. Нұрлан Мансұров жүргізсе, ашылуында Қ.А.Ясауи Халықаралық университерінің ректоры Жанар Темірбекова сөз сөйледі.
🔸Қазақстанның әр өңірінен яғни 13 облыстан 140 мұғалім қатысты. Т.Айбергенов атындағы 16 орта мектеп атынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мұғалімдері: Сальменова Жадыра, Жүсіпова Ақерке және Амангельді Аружан қатысып келді.
@oqu_agartu_ministrligi
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@yasawi_stomatology_official
@astana_daryny






