Skip to content

Бірыңғай ашық есік күні

28–29 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен Төлеген Айбергенов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте ата-аналар мен мектеп арасындағы ашық диалогқа арналған «Бірыңғай ашық есік күні» өтті.

Шара барысында:

  • Мектептің оқу-тәрбие үдерісі таныстырылды
  • Ата-аналарға маңызды ақпарат берілді
  • Q-TALKS аймағында бала тәрбиесі, құндылықтар жүйесі және ата-ананың жауапкершілігі жайлы маңызды тақырыптар қозғалды

Спикерлер өз тәжірибесімен бөлісіп, ата-аналарға пайдалы кеңестер берді. Қатысушылар сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Бұл күн отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қатысушыларға баламен дұрыс қарым-қатынас орнатудың құнды әдістерін ұсынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *