Күні: 2025 жылғы 5 қыркүйек
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Астана қ., Кенесары көшесі, 81, Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектеп
Астанада «Жас шекарашы» әскери-патриоттық сыныбы ашылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі бастамаларын іске асыру мақсатында Астана қаласындағы Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектепте «Жас шекарашы» әскери-патриоттық сыныбының ашылуы өтеді.
Бұл бастама жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, әскери қызметті құрметтеуге және ел мүддесін қорғауға даярлауға бағытталған.
Іс-шараның негізгі үш нүктесі:
1️⃣ «Жас шекарашы» клубының мүшелерінің салтанатты ант қабылдауы.
2️⃣ Заманауи жабдықталған әскери-патриоттық сыныптың ашылуы.
3️⃣ «Шекара қалашығының» тұсаукесері – шекара бағанасы, мұнарасы және бақылау-із жолағы.
Шараға Шекара қызметінің өкілдері, «Застава тарландары» республикалық ардагерлер бірлестігінің мүшелері, ұстаздар мен оқушылар қатысады.
«Жас шекарашы» сыныбы мен «Шекара қалашығының» ашылуы жастарға шекарадағы қызметтің маңызын тереңірек түсінуге, Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық қауіпсіздікке құрмет сезімін нығайтуға ықпал етеді.
📞 Байланыс:
Кемел Жанар – 8 775 469 39 80