Бүгін біздің мектепте ерекше ерлік сабағы өтті! 🇰🇿
📌 Мақсаты: ел қорғаушылардың ерлігін көрсету және патриоттық сезімді ояту.
📌 Оқушыларға шекара қызметінің маңыздылығын, адамгершілік пен батырлықты түсіндіру.
Біздің еліміздің қауіпсіздігін қорғау – әр азаматтың борышы. Шекарашы – тек формадағы адам емес, жүрегі батыл, әрдайым көмектесуге дайын тұлға.
Бүгін бізге мектепке ерліктің нағыз шеберлігін көрсеткен тұлға – Ертілеуов Мадияр Болатбекұлы қонаққа келді. 🌟
Ол өз өмірлік ерліктерімен бөлісіп, оқушыларға нағыз батылдық пен адамгершіліктің мәнін көрсетті.
Бір баланы қауіпті сәттен құтқарған ерлігі – өмірлік үлгі, оқушылардың жүрегіне үлкен әсер қалдырды.
Сабақ тек білім емес, рухани қазынаға айналды.
Балалар әр әрекет пен шешімнің елге қызмет етуге қалай әсер ететінін түсінді.
Мұндай кездесулер – болашақ батырларды тәрбиелеп, патриоттық рухты арттырады. @bilimastana
@jas_shekarashi2025 @baiqonyr_audany
#ЕрлікСабағы #Батырлық #ПатриоттықРух #ШекараҚызметі
