Skip to content

✨ Республика күні – елдік пен бірліктің нышаны! 🇰🇿✨ Күздің…

✨ Республика күні – елдік пен бірліктің нышаны! 🇰🇿✨
Күздің алтын шуағына бөленген бұл апта мектебіміз үшін ерекше мәнге ие болды.
Республика күні қарсаңында мектебімізде рух пен сұлулыққа толы мерекелік іс-шаралар өтті.
Мектеп директоры Азимханова С.М. ұйымдастыруымен өткен
«Сұлулықтың сыры – әшекейде» атты сән кеші қалалық деңгейде өтті. 
Ұлттық нақыштағы киімдер мен әсем әшекейлердің үйлесімі көрермендерді тәнті етті. Ұстаздар өз қолымен жасаған туындыларын паш етіп,
қазақтың нәзік талғамын, сән мен өнердің сұлулығын айшықтады. 🌸
Сонымен қатар, мектебіміздің «Жас шекарашы» клубының жас патриоттарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға қатысып, өз ізгі тілектерін білдіріп,
жас ұрпаққа рух пен жігер сыйлаған қонақтарымыз:
🎖 Шекара қызметінің полковнигі – Ж. Мәдединов
🎖 Шекара қызметінің офицері, подполковник – Ж. Құрманбаева
Олар ел қорғау – үлкен абырой мен жауапкершілік екенін ерекше атап өтті.
Бұл мерекелік күн – мектеп өмірінің жарқын беттерінің бірі болды.
Әсем музыка, көңілді күлкі мен бірлік рухы әр жүректі шаттыққа бөледі. 💫
Осындай мазмұнды шаралар оқушыларды рухани байытып,
елжандылық пен мейірімділікке баулиды. @baiqonyr_audany @oqu_agartu_ministrligi @bilimastana
#РеспубликаКүні #СұлулықтыңСырыӘшекейде #ЖасШекарашы #БірлікПенМақтаныш #№16мектеп #ПатриоттықРух

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *