🍁 Күзгі қайырымдылық жәрмеңкесі – мейірім мен молшылықтың мерекесі! 🍂
Республика күні қарсаңында мектебімізде дәстүрге айналған күзгі қайырымдылық жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті.
Бұл күн мектеп ұжымына, ата-аналар мен оқушыларға ерекше қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 💛
Жәрмеңкеде әр сынып өздерінің дайындаған түрлі тағамдарын, тәтті-дәмділерін, ұлттық және қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Үстелдер әдемі безендіріліп, күздің түсіне сай сәнге бөленді. 🍎🎃
Оқушылар сатып алушыларды жылы қарсы алып, өз өнімдерін ерекше ықыласпен ұсынды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, қарым-қатынас мәдениетіне баулу және жақсылық жасауға, қайырымдылыққа тәрбиелеу болды. 🌿
Жәрмеңке барысында жиналған қаражат игі істерге бағытталды.
Күздің молшылығын, береке мен бірлікті ұлықтаған бұл шара мектеп өміріндегі жарқын сәттердің бірі болды.
Әсем безендірілген дастархан, көңілді әуен мен шат күлкі күннің сәнін арттырды.
Осындай мәнді іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, жүректеріне мейірім мен достық ұялатады. 💫. @baiqonyr_audany
#ҚайырымдылықЖәрмеңкесі #КүзгіЖәрмеңке #РеспубликаКүні #БерекеБірлікте #МектепӨмірі #КүзМолшылығы
