Skip to content

21.10 күні мектебізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында…

21.10 күні мектебізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында
“Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ЖИ қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту”атты коучинг өтті.
Коучинг өткізген: Шакенова А.Р., Исатаева С.К.

Қазіргі таңда білім берудің басты мақсаты — оқушыны тек теориялық біліммен ғана емес, оны өмірде қолдана алуға бейімдеу, яғни функционалдық сауаттылығын дамыту. Осы орайда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын оқу процесіне енгізу өзектілігін арттырып отыр.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде ЖИ құралдарын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау, талдау, мәтінді түсіну, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға болады. Мысалы, ЖИ негізіндегі платформалар оқушыға мәтінді талдауда, эссе жазуда, грамматикалық және стилистикалық қателерді түзетуде көмек көрсетеді. Бұл оқушының өзіндік ізденісін, сын тұрғысынан ойлауын, тілдік дағдыларын жетілдіруге жол ашады.

Коучинг барысында ұстаздар Шакенова А.Р. мен Исатаева С.К. мұғалімдерге ЖИ құралдарын сабақта қолданудың тиімді жолдарын ұсынды. Практикалық тапсырмалар арқылы мұғалімдер ЖИ көмегімен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай арттыруға болатынын тәжірибе жүзінде көрді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *