Skip to content

✅ 11 – 12 қыркүйекте мектепте 5-11 сынып оқушыларына арналған…

✅ 11 – 12 қыркүйекте мектепте 5-11 сынып оқушыларына арналған ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп психологтары ата-аналарды психологиялық қызметтің жұмысымен, жоспар бойынша жүргізілетін диагностикалармен және олардың мақсаты қандай екендігімен таныстырды, Психологтар ата-аналарға психологиялық сүйемелдеу тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізілетінін еске салды.
Балалардың жан жақты дамуы үшін олардың психикалық жағдайының тұрақты әрі жақсы болуы аса маңызды. Сондықтан ата – аналармен мектептің бірлескен қолдауы-оқушылардың психологиялық саулығын сақтаудың басты кепілі. Мектеп психологтары Макишева А.С. пен Қуанышқызы Инабат ата – аналарға балаларына жылы сөз айтып, түсіністікпен қарау, оның сезімдері мен ойларын құрметтеу – психикалық дамудың негізгі алғышарттарының бірі болып табылатынын айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *