«Абай әлемі – жас ұрпақ көзімен» сайысы – балалардың Абай мұрасына деген құрметін арттырған, ізденіске жетелеген әрі қазіргі технологияны тиімді қолдануға жол ашқан мазмұнды іс-шара болды. Мұндай тағылымды жұмыстар өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рухты, әдеби-мәдени құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастырары сөзсіз.Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты өздері дайындаған бейнероликтер мен презентацияларын қорғады. Ерекшелігі – бұл жұмыстар жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын пайдалану арқылы жасалды. Балалар ЖИ көмегімен тарихи деректерді визуализациялап, Абайдың өмір жолын ерекше форматта ұсынды. Бұл – оқушылардың тек әдеби білімін ғана емес, заманауи цифрлық сауаттылығын да көрсеткен тамаша мүмкіндік болды.
5-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері.
