«Академиялық адалдық» тақырыбындағы сурет көрмесі
Бүгін мектебімізде оқушылардың өз қолымен салған туындыларынан құралған «Академиялық адалдық» тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – жасөспірімдердің адал білім алуға деген көзқарасын шығармашылық арқылы жеткізу, академиялық мәдениет пен әділдік қағидаттарын өнер тілімен түсіндіру.
Оқушылар өз суреттерінде:
– адалдық пен әділдік,
– жеңіл жол емес, адал еңбек,
– плагиат пен көшірудің зияны,
– академиялық адалдықтың құндылығы
сияқты тақырыптарды түрлі жанрда бейнеледі.
Әр туындыда балалардың өзіндік ойы, шығармашылық ізденісі және адалдыққа деген көзқарасы көрініс тапты. Көрме мектеп ұжымына, оқушыларға және ата-аналарға үлкен әсер қалдырды.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақты жауапкершілікке тәрбиелеп, академиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
@bilimastana
@oqu_agartu_ministrligi



