📚✨ Бүгін 5 «В» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар мектеп өміріндегі жаңалықтармен танысты. Кездесуге мектеп психологтары да қатысып, маңызды кеңестер айтты.
Олар балалардың жасөспірімдік кезеңіндегі ерекшеліктерін түсіндірді.
Ата-аналарға баламен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдары ұсынылды. Жиналыс ашық пікір алмасу мен сұрақ-жауап форматында өтті.
Әр ата-ана өз ойын білдіріп, пайдалы мәлімет алды.
Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті.
🤝 Осындай бірлескен жұмыстар ата-ана, мұғалім және мектеп арасындағы байланысты нығайтады.
