Бүгін екінші ауысымда оқитын оқушылардың ата-аналарымен «Адал Азамат» тақырыбында жиналыс өтті. Кездесу барысында жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері, оқушылардың тәрбиесі мен сапалы білім алуы үшін атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Әсіресе, жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Ата-аналарға балаларды адалдыққа баулу жолдары жөнінде кеңестер берілді.
Жиналыс жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында өзара түсіністікке, қолдауға және сенімге негізделген ашық диалог құрылды.








