Skip to content

Бүгін мектебімізде 7 “А” сынып оқушыларымен «Академиялық адалдық мәдениеті: бүгінгі…

Бүгін мектебімізде 7 “А” сынып оқушыларымен «Академиялық адалдық мәдениеті: бүгінгі күннің талабы» тақырыбында танымдық тренинг сабағы өтті. Сабақтың мақсаты – оқушылардың адалдық, жауапкершілік және өз еңбегіне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Тренинг барысында оқушылар академиялық адалдықтың маңызын түсініп, өз ой-пікірлерін ашық білдірді. 💬
Олар топтық жұмыс, ситуациялық тапсырмалар арқылы адалдықтың өмірдегі және оқудағы рөлін талқылады. 💡
Сынып жетекшісі Ысқақ А.Н. оқушыларды әділдікке, өз білімін шынайы еңбегімен дәлелдеуге шақырды.
Іс-шара соңында оқушылар академиялық адалдық қағидаларын сақтауға уәде берді.
Мұндай сабақтар жас ұрпақтың бойында адамгершілік пен жауапкершілікті арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал етеді. 📚
#АдалдықСағаты #АкадемиялықАдалдық #7Асынып #Тәрбиесабағы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *