🎶 Бүгін мектебімізде эстетикалық цикл бойынша әдістемелік бірлестіктің онкүндігі аясында қызықты “Music quiz” мектепішілік іс-шарасы өтті.
📌 Шара барысында оқушылар түрлі музыкалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
👏 Оқушылардың белсенділігі жоғары болып, көңілді әрі әсерлі сайыс болды.
🎼 Іс-шараны музыка пәні мұғалімдері Үсенбай Ж.М. және Усербаев Г.Б. ұйымдастырды.
🌟 Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және музыкаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
