Skip to content

Бүгін мектебімізде оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті.…

Бүгін мектебімізде оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті.
Тақырыбы: «Құқықтық мәдениет және қауіпсіздік – басты құндылық»
👮‍♀️ Іс-шараға УИП ОЮП майоры – Арыкпаиова Қыз-Жібек Абаевна, р. Байқоңыр әкімі аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы – Екишева Карина Руслановна, “Психологиялық қолдау” орталығының әдіскері – Капарова Арайлым Кенжебековна, сондай-ақ Астана қаласы «Байқоныр» ауданы прокуратурасының прокуроры – Берғалиұлы Қазбекби қатысты.
🎯 Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
📚 Мамандар жол жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, интернеттегі қауіпсіздік, буллингтің зияны, суицидтің алдын алу және нашақорлыққа қарсы күрес тақырыптарында мазмұнды ақпарат берді.
🛡️ Кездесу барысында оқушыларға қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну мен қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі ерекше түсіндірілді.
🚸 Жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік дағдыларына байланысты кеңестер айтылды.
🔥 Өрттің алдын алу шаралары мен сақтықтың негізгі талаптары түсіндірілді.
🌐 Интернет кеңістігінде кибербуллингтен қорғану мен ақпараттық қауіпсіздіктің маңызына тоқталды.
🤝 Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
✨ Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық санасын көтеріп, оларды қоғамдағы түрлі қауіп-қатерден сақтандыруға үлкен үлес қосады.
🏫 Мектебімізде осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
@police_astana_baikonyr
@police__astana

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *