Skip to content

Бүгін мектебімізде «Жас сақшы» сыныбының міндеттері мен мақсаттары тақырыбында мазмұнды…

Бүгін мектебімізде «Жас сақшы» сыныбының міндеттері мен мақсаттары тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. 🇰🇿
Іс-шараға мектеп директоры Азимханова Сауле Мыншаловна мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жусипова Гаухар Жетебаевна қатысып, оқушылармен ашық әрі әсерлі әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында «Жас сақшы» сыныбының негізгі ережелері мен мақсаттары таныстырылып, олардың мектеп өміріндегі маңызды рөлі мен жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ оқушылардың мектеп дәліздерінде кезекшілік атқарып, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі ерекше атап өтілді. 👮‍♂️
«Жас сақшы» — ел тыныштығын қорғауға, әділдік пен тәртіпті сақтауға бағытталған жас ұрпақтың азаматтық санасын қалыптастыратын игі бастама. 💫
Мұндай кездесулер оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. @baiqonyr_audany @bilimastana

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *