Skip to content

✨ Бүгін “Жас шекарашылар” әскери-патриоттық сыныбында «Із кесу жолағындағы ізді…

✨ Бүгін “Жас шекарашылар” әскери-патриоттық сыныбында «Із кесу жолағындағы ізді зерттеу» тақырыбында тәжірибелік сабақ өтті. Бұл сабақ дайындық алаңында ұйымдастырылып, жас шекарашыларға із кесу тәсілдерінің маңызы мен қолданылуы түсіндірілді.
📍 Сабақты полковник запаса Абенов Ж. А және Мемлекеттік шекараны күзету департаментінің офицері, майор Ануарбеков Д.А жүргізді.
🔰 Сабақ барысында жас шекарашылар із кесу жолағында практикалық жаттығулар орындап, өздерінің әскери машықтарын жетілдірді. Осындай сабақтар оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтып қана қоймай, болашақта елін қорғауға деген сенімі мен мақсатын қалыптастырады.
🇰🇿 Сонымен қатар бүгінгі күні жас шекарашылар қатары тағы бір оқушымен толықты. Бұл – жас ұрпақтың Отан алдындағы борыш пен жауапкершілікті сезіне бастағанының айқын көрінісі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *