✨Эстетикалық цикл онкүндігі аясында этно-жаға тігу шеберлік сыныбы өтті✨
✂️Эстетикалық цикл онкүндігі барысында мұғалімдерге арналған этно-жаға тігу бойынша шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Шеберлік сағатында ұлттық нақыштағы сән үлгілері таныстырылып, қатысушылар этно-жаға тігудің қыр-сырын меңгерді.
Іс-шара барысында мұғалімдер өз қолымен бұйым дайындап, тәжірибелік дағдыларын шыңдады.
🌟Этно-стильде орындалған жаға үлгілері шығармашылық пен ұлттық өнерді ұштастырып, ұстаздарға тың серпін берді.
Шеберлік сыныбы педагогтердің кәсіби дамуына ғана емес, ұлттық қолөнерді дәріптеуге де үлес қосты.





