Skip to content

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігіне орай, қазақ тілі…

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігіне орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абеуова А. Қ мұғалімдерге арнап
“Оқу сауаттылығын арттыру тапсырмаларын ЖИ арқылы құрастыру”атты тренинг өткізді.
Бұл тренинг барысында мұғалімдерге тегін қолдануға болатын жасанды интеллект платформалары таныстырылды.
Іс-шарада мәтіннен тапсырма құрастыру, мәтінді аудиоға айналдыру, мәтінді өлеңге айналдыру, сондай-ақ мәтіннен QR код жасауға арналған түрлі платформалар туралы айтылды.
Тренинг өте пайдалы әрі тәжірибеге бағытталған түрде өтіп, қатысушылар өз сабақтарында қолдануға болатын заманауи құралдармен танысты. Іс-шара мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға және сабақ процесін жаңаша ұйымдастыруға зор мүмкіндік береді.
@oqu_agartu_ministrligi
@k.sengazyyev_official
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *