Құттықтау!
Бүгін мектебіміздің директоры Азимханова Сәуле Мыңшалқызына
ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, вице-адмирал С. Борамбаев пен
«Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы С.Ибраев тарапынан
Ұстаздар күніне орай
«Жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырудағы жемісті еңбегі үшін»
Алғыс хат табыс етілді.
Бұл марапат – Сәуле Мыңшалқызының жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі мен абыройлы қызметінің айғағы.
Марапатыңыз құтты болсын, Сәуле Мыңшалқызы!
Шәкірттеріңіз бен әріптестеріңіздің құрметіне бөлене беріңіз! 🇰🇿


