Мектебімізде 3 және 4-сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, сауаттылық пен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жарыс барысында оқушылар өз білімдерін сынап, ой-өрістерін кеңейтті. Олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Олимпиада қорытындысы бойынша: 3-сыныптар арасында 1-орын – 3 «г»сынып оқушысы, Югай Ансара. 2-орын – 3 «б»сынып оқушысы, Кабдошев Омар және 3 «ж» сынып оқушысы Галя Фатима. 3-орын – 3 «г»сынып оқушысы, Абаева Аяна.
Ал 4 сыныптар арасында 1-орын – 4 «г» сынып оқушысы, Саматова Айлана. 2-орын – 4 «б» сынып оқушысы, Досжанов Амиржан және 4 «з» сынып оқушысы, Черикбаев Диар. 3-орын – 4 «б» сынып оқушысы, Абылгазинов Дирар және 4 «з» сынып оқушысы, Куандикова Сабина. Олимпиадада жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз — баршаға үлгі.
Қатысқан барлық оқушыларға да талмай ізденіп, болашақта биік белестерді бағындыруға сәттілік тілейміз! 🌟
Әрбір қадам — үлкен жетістікке бастайтын жол. Білімге құштар, талпынысы биік шәкірттеріміз көп болсын!


