Мектебімізде 8–11 сынып оқушыларына арналған «Сөзбен де жаралауға болады» атты тағылымды тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға сөздің құдіретін ұғындыру, әдептілікке, мейірімділікке баулу және буллингтің алдын алу.
Оқушылар ізгілік пен жылы сөздің жүрекке қуат беретінін, ал ауыр сөздің жанға жара салатынын ой елегінен өткізді.
Әр сыныпта пікір алмасып, бір-біріне құрметпен қараудың адам өміріндегі орны ерекше екендігі айтылды.
Бұл сабақ жасөспірімдерге адамгершілік пен ізгілікке жетелейтін рухани тәрбие берді. 🌿✨
#Тәрбиесағаты #сөзбендежаралауғаболады
@baiqonyr_audany
@akimat_astana
@bilimastana
