Skip to content

«Тәрбие тал бесіктен» Бүгін, 29 наурыз күні Төлеген Айбергенов атындағы…

«Тәрбие тал бесіктен»

Бүгін, 29 наурыз күні Төлеген Айбергенов атындағы орта мектепте «Тәрбие тал бесіктен» атты ата -аналармен кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер әнші «Бабалар аманаты» қоғамдық тәрбие қорының жетекшісі Арайлым Рахымқызы және қор мүшелері елге еңбегі сіңген бір топ зиялы әжелер қауымы қатысты.
Мектеп директоры Әзімханова Сәуле Мыңшалқызы мектебіміздегі бала тәрбиелеудегі мектептің миссиясы мен атқарылып жатқан жұмыстары , оқушыларды өзгермелі қоғамға бейімдеу, жан-жақты тәрбиелеудегі ұстанымдар мен бағыттар туралы айтып өтті.
Оқушылар үшін жұмыс жасап жатқан пайдалы үйірмелер мен арнайы кабинеттердің жұмысы туралы да айтып өтті.
Қоғамдық қор мүшелері өздерінің мақсаттары мен жасап жасатқан жұмыстарының бала тәрбиесіндегі рөлі туралы сөз етті.
Мектеп директоры 2023-2024 оқу жылындағы мектепті күтіп-ұстауға бөлінген қаржылық кіріс және шығыс жағдайы бойынша ата-аналарға есеп берді;
Ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, Әке,Ана тәрбиесіндегі тиімді тәсілдермен бөлісті.
Мектеп психологтары ата -аналармен тренинг өткізіп тартымды орта құрастыра білді.
Кездесу соңында ата -аналар өздерінің ойларында жүрген көкейтесті мәселелерге тоқталып, мектеп ұжымына алғыс айтты.
Кездесу қазақтың «Бесік жыры» әнімен аяқталды.

@oqu_agartu_ministrligi
@bilimastana
@gani.beisembayev
@k.sengazyyev_official
@astana_adistemelik_ortalyq
@astana_daryny
@rumcdo_official

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *