✨Ұлттық спорттан шабытпен жолданған сәлем!✨
Арман Сүлеймен – «Baluan tas» Академиясының Құрметті президенті біздің мектепке жалынды сәлеменін жолдады.
Арман Сүлеймен «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының 19 қыркүйек күні Құрметті президенті болып тағайындалды.
Академияның құрылтайшысы Абылайхан Қалназаров атап өткендей, Балуан тас дәстүрі – қазақ халқының рухани коды, намыс пен ерік-жігердің символы. Арман Сүлеймен тек спортшы ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеуші тұлға ретінде осы дәстүрді жаңа ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады.
🏆 Арман Сүлеймен туралы:
* «Күш атасын танымас» өнерін насихаттайды;
* Иманжүсіп, Қажымұқан және Балуан Шолақ жолын жалғастырады;
* КИНЕС рекордтар кітабының рекордсмені;
* Армлифтинг пен пауэрспорттан 27 дүркін Әлем чемпионы;
* 5 дүркін Азия чемпионы;
* 21 мәрте Әлем рекордшысы;
* Бірнеше спорт түрлерінен спорт шебері, соның ішінде дзюдошы.
«Baluan tas» академиясының миссиясы – қазақтың дәстүрлі күш мәдениетін зерттеу, дамыту және әлемге таныту. Енді Тас палуанның рухы жаңа заман брендінде жаңғырады! 💪🇰🇿
